Польша президенті неліктен ашуланды?

Польша президенті Анджей Дуда Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңға вето қойды.

Бұл құжат ел аумағында хабар тарататын теле- және радиокомпанияларды шетелдік заңды тұлғалардың қаржыландыруын шектейді. Заңның Сеймге қайтарылуының басты себебі осы. Дуда сырттан түсетін инвестицияларға кедергі жасалмауы немесе халықаралық келісім-шарттарға қайшы келмеу керек деген ұстанымда.

Айта кетейік, теле-, радиохабар таратуды реттеуге арналған аталған жаңа ережелерді билік басындағы партия ұсынған болатын.