АҚШ-та жеті мыңнан астам әуе рейсі кейінге шегерілді

АҚШ-та жеті мыңнан астам әуе рейсі кейінге шегерілді

АҚШ-тың Шығыс жағалауында кешеден бері 7200-ден астам әуе рейсі кейінге шегерілді, деп хабарлайды Хабар 24.

Олардың 4600-і халықаралық, ал қалғаны ішкі бағыттағы ұшақтар. Жалпы елде 24 желтоқсаннан бері қаңтарылған әуе кемелер саны 12 мыңнан асады. Бұған экипаж мүшелерінің коронавирус жұқтыруы – басты себеп. Індетке шалдыққан қызметкерлерді алмастыруға кадр тапшы. Әуе рейстерінің уақытлы ұшуына қаһарлы қыс та үлкен кедергі жасады.

Мәселен, Чикагода жауған қардың қалыңдығы 23 сантиметрге жетті. Метеорологтар елдің солтүстік-шығысында боран соғады деп ескертті.