Тайваньда жер сілкінді

Тайваньда жер сілкінді

Тайвань аралының жағалауында күші Рихтер бағамымен 6,4 баллға жеткен зілзала болды, деп хабарлайды Хабар 24.

Ошағы жағадан 66,7 шақырым қашықтықта және 19,4 шақырым тереңдікте болған. Жер сілкінісі аралдың солтүстік-шығысы бөлігіндегі қалаларда және әкімшілік орталығы Тайбей шаһарында сезілді. Әзірше зілзаладан келген зардап туралы мәлімет жоқ. 23 миллионан аса халық тұратын Тайвань аралы Тынық мұхитының бөлігінде орналасқан. Аралдың шығыс бөлігі сейсмикалық жағынан Азияның ең қауіпті аймақтарының бірі саналады.