Берлускони: Ел бірлігі биліктен қымбат

Сильвио Берлускони Италия президенттігі үшін күрестен бас тартты. Сондай-ақ Италияның бұрынғы премьер-министрі алдағы мемлекет басшысының сайлауында оның кандидатурасын атамауды сұрады.

"Италияға қазір үлкен санитарлық дағдарысқа қарсы жалпы күрес үшін біртұтастық қажет" делінген хабарламада.

Бұл туралы орталық-оңшыл коалиция өкілдері мәлімдеді. Берлускони жеңіске жету мүмкіндігін жоғары бағалады, бірақ сонымен бірге президенттікке үміткер Марио Драгидің қазіргі үкіметіне қолдау білдірді. Себебі оның айтуынша, қазіргі министрлер кабинетінде реформаларды жалғастыру мүмкіндігі болуы тиіс.

Айта кетейік, Италия президентін екі палатаның бірлескен сессиясында парламентарийлер сайлайды. Дауыс беру 24 қаңтарға жоспарланған. Драгиден бөлек елдің Әділет министрі, Сенат спикері және Экономика мәселелері жөніндегі еурокомиссар да өз кандидатураларын ұсынған.