415,12 450,91 7,40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Грекияда жойқын жарылыс болды

  • 162
  • UPD: 18:03, 26.01.2022

Грекия астанасы Афинада жойқын жарылыс болды. Әзірге жарылыстан 3 адамның зардап шеккені белгілі.

Анықталғандай, апат қала орталығындағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Үй артынша өртенген. Жақын тұрған ғимараттарға да айтарлықтай зақым келіпті. Көшенің бәрі үйіндіге толған. Мамандардың алдын ала болжамы бойынша оқиғаға газ жарылысы себеп болуы мүмкін. Дегенмен, бұл нұсқа әлі де тексерілуде. Қазір апат орнында құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы