Қытайда Олимпиадаға қатысушыларға тәртіп жеңілдетілді

Қытайда Олимпиадаға қатысушыларға тәртіп жеңілдетілді

Бұл туралы халықаралық олимпиада комитеті жариялады, деп хабарлайды Хабар 24.

Жаңа ережеге сай енді коронавирусты жұқтырған науқаспен байланысқа түскен азаматтар 14 емес 7 күн бақыланатын болады. Ал ПТР-тест күніне 2 рет жүргізіледі. Егер оның нәтижесі 2 күн бойы теріс болса, адамнан бақылау алынады. Ал коронавирусты жұқтырғандар 10 күн бақыланады. Олар карантиннен ауру нышандары жоғалып, тест нәтижелері 3 күн бойы теріс болса, босатылады. Ал тест нәтижелері оң болып, бірақ вирус жұқтырғанына күмәнданатын адамдардың ПТР-тестін арнайы сарапшылар тобы қарайды. Сондықтан алғашқы тексеру қорытындысы оң болған азаматтардың екінші рет тест тапсыруы қарастырылған.

Еске сала кетейік, Бейжіңде қысқы олимпиада ойындары 4 және 20 ақпан аралығында өтеді. Бүгіннен бастап спортшылар үшін Олимпиада ауылы ресми түрде ашылды.