Перуде тағы мұнай төгілді

Перуде тағы мұнай төгілді

Мұхитқа мұнай төгіліп, елдің есін шығарған Перуде тағы да апат.

«Суды тазартамыз» деп жүріп, мамандар тағы да мұнай төгіп алған. Бұл туралы елдің қоршаған ортаны қорғау министрлігі хабарлады. Алайда мұнай өңдейтін зауыт өкілдері мұны жоққа шығарып отыр. Жалпы осы мұнайдың төгілуіне байланысты елде 3 айға экологиялық төтенше жағдай жарияланған. Оқиға 15 қаңтарда болған еді. Онда танкерден мұхитқа 6 мың баррель мұнай төгілген.  

Джоэл Диаз, Лима тұрғыны:

- Бұл сұмдық ғой. Кейбіреулердің жауапсыздығы кесірінен суға тағы да мұнай төгіліп, экологиялық апат болды. Трансұлттық компания өз жұмысын дұрыс орындалмай алмаса, онда басқаларынан не сұраймыз? Оларда төтенше жағдай кезінде әрекет ету жоспары болуы керек қой.