Британияда «Малик» дауылынан екі адам қаза тапты

Британияда «Малик» дауылынан екі адам қаза тапты

Еуропаның солтүстігіндегі елдерде «Малик» дауылы ойран салды. Табиғаттың тосын мінезінен мыңдаған адам жарықсыз қалды.

Солтүстік Англия мен Шотландияда дауылдан екі адам қаза тапты.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, марқұмдардың үстіне ағаш құлаған. Табиғат апатынан жарақат алғандар да бар. Желдің жылдамдығы секундына 44 метрге дейін жеткен.  Салдарынан электр сымдар үзіліп, 130 мыңға жуық тұрғын үйде жарық өшті. Синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. «Малик» дауылы бәсеңдегенімен артынша «Кэрри» дауылы күш алуы мүмкін. 

Жергілікті тұрғын:

- Жарықсыз отырмыз. Тамақты қалай дайындарымызды білмейміз. Кішкентай ұлымыз бар. Электр қуатынсыз өте қиын екен.