Саяхатшы Джеймс Куктың кемесі табылды

Саяхатшы Джеймс Куктың кемесі табылды

Әйгілі саяхатшы Джеймс Куктың «Инде-вор» кемесі АҚШ-тың Нью-порт айлағында табылды.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, кеме осыдан 244 жыл бұрын апатқа ұшыраған. Табылған олжа Кук капитанына тиесілі болғаны 22 жылға созылған ғылыми зерттеу жұмыстары арқылы дәлелденді.

Айта кетейік, «Индевор» кемесі Австралия, Жаңа Зеландия, АҚШ пен Ұлыбритания тарихында өшпес із қалдырып, аты аңызға айналған кеме атанды. Су көлігі 1768-1771 жылдар аралығында Тынық мұхитының оңтүстігінде жүзген. Кей деректер бойынша көлік 1778 жылы АҚШ-та тәуелсіздік үшін болған соғыс кезінде Род-Айлендтегі атыста қирап, су астына кетті деген де болжам бар.