Еуроодақ газ бен атомды таза қуат көздеріне қосты 

Еуроодақ газ бен атомды таза қуат көздеріне қосты 

Еуроодақ газ бен атом энергетикасын өтпелі таза қуат көздері деп таныды. Атом электр станцияларына 2045 жылға дейін, ал газ инфрақұрылымына 2035 жылға дейін жаңа инвестиция құюға рұқсат етілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа нысандар экологиялық талаптарға сай болуы тиіс. Жоспар бойынша Еуроодақ 2050 жылға дейін көмірсутек бейтараптығына жетуі керек. Осы кезге дейін көмір жағудан бас тартып, бүкіл тұрғын үйлерді жаңғырту қажет.

Майрид Макгиннесс, Еуроодақтың қаржы қызметтері бойынша комиссары:

– Газ бен ядролық энергия климаттық бейтараптыққа көшуге үлес қосуы мүмкін. Осы қуат көздеріне қатысты нақты шектеулер мен біртіндеп одан бас тарту кезеңдері белгіленген. Бұл туралы түрлі пікір бар. Бірақ орта жолын таптық деп санаймын.