Ауғанстанда жетекші қызметтерге әйелдер тағайындала бастады

Ауғанстанда жетекші қызметтерге әйелдер тағайындала бастады
Хабар 24

Осы аптада «Талибан» қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған) Ауғанстанда билікке келгелі алғаш рет басшы қызметтерге әйелдерді тағайындады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкімет жарлығымен Кабулдағы екі медициналық мекеме – перзентхана мен гинекологиялық клиниканы әйелдер басқаратын болды. Сондай-ақ 2 ақпанда ауа-райы жылы провинцияларда мемлекеттік университеттер қайта ашылды. Ал қалған өңірлердегі жоғары оқу орындары 26 ақпаннан бастап жұмыс істей бастайды.

Жунайдулла Мохамади, студент:

– Аса өзгерісті байқаған жоқпыз. Бұрынғыдай оқып жүрміз. Жалғыз өзгеріс – сабақ уақыты өзгерді. Енді қыздар мен жігіттер бөлек оқитын болды.