АҚШ-та Сovid-19 құрбандарын еске алу шарасы өтті

АҚШ-та Сovid-19 құрбандарын еске алу шарасы өтті

АҚШ-тың конгресс мүшелері ковид құрбандарын еске алу рәсімін ұйымдастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шара АҚШ-тың ұлттық кафедралдық шіркеуінде өтті. Оған елдің демократиялық партиясының көшбасшылары қатысты. Капитолийде үнсіздік жарияланып, марқұмдардың құрметіне қоңырау соғылды.

Айта кетейік, құрама штаттарында пандемия басталғалы аты жаман аурудан 900 мыңнан астам америкалық көз жұмды. Аймақтағы эпидемиологиялық ахуал әлі күнге дейін көңіл көншітпейді. Статистика бойынша соңғы екі айда вирустың омикрон штамынан көз жұмғандардың қатары 100 мыңнан асты.