Мадагаскарда дауылдан қаза тапқандардың саны артты

Мадагаскарда «Бацирай» тропикалық дауылынан қаза тапқандардың саны 20-ға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 150 мыңнан астам адам баспанасынан айырылған. Құтқарушылар 69 мың тұрғынды эвакуациялап үлгерді. Табиғат апатынан аралға орасан зор шығын келген. Аймақта басталған су тасқыны мен лай көшкінінен инфрақұрылым, егіс алқаптары жарамсыз күйге айналды. Қазір шығынның мөлшері есептеліп жатыр. Синоптиктер болса, желдің екпіні бәсеңдегенін және тұрғындарға еш қауіп төнбейтінін айтады.