Нобель сыйлығының иегері, АИТВ-ны ашқан вирусолог қайтыс болды

Нобель сыйлығының иегері, АИТВ-ны ашқан вирусолог қайтыс болды
gazeta.ru

Францияда адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) ашқан француз ғалымы Люк Монтанье қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24» korrespondent.net сілтеме жасап.

Ол 89 жаста еді. Монтанье 1932 жылы тамызда дүниеге келген. Париж университетін бітірген. 1982 жылы Пастер институтының ғылыми тобы аясында ЖИТС-тің қоздырғышын тапты. Ғалым бүкіл өмірін вирусологияға және АИТВ-мен күресу әдістерін зерттеуге арнады.