2020 жылы әлемде шығармашылық саласында 10 млн адам жұмыссыз қалды

2020 жылы әлемде шығармашылық саласында 10 млн адам жұмыссыз қалды

2020 жылы әлемде шығармашылық саласында 10 миллион адам жұмыссыз қалды.

Екі қолға бір күрек таппай қалғандар қатарында мұражай, театр, кинотеатр қызметкерлері, музыканттар мен суретшілер бар. Бәріне коронавирус пандемиясы себеп. Өйткені шектеу шараларының салдарынан көптеген мәдени мекемелер жабылып қалды. Зардап шеккен салаларға қаржылай көмек көрсетіліп жатыр. Алайда соған қарамастан коронавирус кесірінен 2020 жылы шығармашылық саласында жалпы қосылған құн салығы 750 миллиард долларға азайған.