Кореяда президенттік сайлау науқаны басталды

Оңтүстік Кореяда президенттік сайлау науқаны басталды. Шара 3 аптаға созылады.

Осы уақыт аралығында сайысқа түсетін үміткерлер мен саяси партиялар көліктер мен дауыс зорайтқыштарды қолданып халықты үгіттей алады. Және басылымдарға түрлі жарнамасын жариялап, телеарналар мен радиоларға шығып сөз сөйлеуіне рұқсат беріледі. Ал елдегі басты саяси лауазымға 14 кандидат тіркелген. Билеуші "Тобуро" демократиялық партиясы атынан сайысқа Ли Чжэ Мён түседі. Басты оппозициялық "Азаматтық күш" партиясынан Юн Сок Ёль қатысады. Сайлаудың өзі наурыздың 9-ында өтеді.