«Прогресс МС-19» жүк кемесі Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылды

«Прогресс МС-19» жүк кемесі Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылды

Бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 10:25-те «Союз» зымыран тасығышы «Прогресс МС-19» жүк кемесімен бірге Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылды.

Ұшыру штаттық режимде өтті. Халықаралық ғарыш станциясымен түйісуі екі тәуліктен кейін, яғни 17 ақпанда жүзеге асады деп жоспарланып отыр. «Союз» бортында су, жанармай мен өзге де қажетті заттар бар. Сонымен қатар зымыран тасығышта медициналық және биологиялық тәжірибелерге арналған құралдарда бар. Бұдан бөлек халықаралық ғарыш станциясына шағын ғарыш аппараттары жеткізіледі.