Египетте Суэц каналы кеңейтіліп жатыр

Египетте Суэц каналы кеңейтіліп жатыр

Тиісті жұмыстар су жолының 10 шақырым бөлігінде жүргізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоба құны 191 миллион долларға бағаланып отыр. Ол келесі жылы аяқталуы тиіс. Сонда кемелердің канал арқылы транзит уақыты 11 сағатқа дейін қысқарады. Естеріңізде болса, былтыр наурызда осы Суэц каналында контейнер таситын алып кеме қайранға тұрып қалып, бір аптадай басқа су көліктерінің қозғалысы бұғатталған еді. Бұл жағдай бүкіл жаһан экономикасына кері әсер етті. Өйткені әлемдік сауданың 10 проценті осы су жолы арқылы өтеді.