ЕҚЫҰ: Украинаның шығысында атысты тоқтату режимі сақталмай тұр

ЕҚЫҰ: Украинаның шығысында атысты тоқтату режимі сақталмай тұр

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының мәліметінше, ақпанның 18-і күні бұл тәртіп 1,5 мың рет бұзылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал кеше режим 122 мәрте сақталмапты. Украина күштерінің хабарлауынша, танылмаған Донецк және Луганск халықтық республикалар жасақтары зеңбіректер мен ірі калибрлі қаруларды қолданған. Ал өзін-өзі жариялаған респбуликалар болса, Украина күштері бірнеше тұрғын мекенді атқылады деп отыр.  

Еуропалық Одақ мәселені талқылап, ғаламтордағы сайтында мәлімдеме жариялады. Құжатта ауыр техниканы қолданып, тұрғын мекендерді бей-берекет атқылау Минск келісімі мен халықаралық гуманитарлық құқыққа қайшы екені айтылған. Еске сала кетейік, соңғы күндері Украинаның шығысындағы жағдай күрт шиеленісіп, танылмаған Донецк пен Луганск халықтық республикасы өткен жұма күні тұрғындарды Ресейге эвакуациялау туралы шешім қабылдады. Ал кеше бұл аймақтарда жалпыға бірдей мобилизациялау жарияланды. Қос аймақ Украина күштері бізге шабуыл жасауды жоспарлап отыр дейді. Алайда ресми Киев бұл айыптау негізсіз екенін айтады.