БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Украина бойынша шұғыл отырыс өткізді

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Украина бойынша шұғыл отырыс өткізді

Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесі Украинаға қатысты жағдайға арнап шұғыл отырыс өткізді. Бас хатшының орынбасары Ресейдің Украина шығысындағы аумақты «егеменді» деп мойындауы - тәуелсіз елдің жер тұтастығына қол сұғу деп айыптады.

Розмари Ди Карло аймақтық және ғаламдық теріс салдар тудыратын шешімнің қабылданғанына өкініш білдірді. Біріккен Ұлттар Ұйымы барлық тараптарды жаулық іс-әрекетті дереу тоқтатып, аталған дағдарысты дипломатия жолымен шешу ісіне тез арада кірісуге шақырды.

Розмари Дикарло, БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары:

– Үлкен қақтығыс қаупі төніп тұр. Кез келген жолмен осы жанжалдың алдын алу керек. Бас хатшы аталған дағдарысты дипломатиялық жолмен шешу мақсатында жұмыс жүргізуге мүдделі.