Байден мен Путиннің кездесуі қарастырылып жатқан жоқ

Байден мен Путиннің кездесуі қарастырылып жатқан жоқ

Вашингтон Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты президент Джо Байденнің Ресей басшысы Владимимр Путинмен кездесуін қарастырып жатқан жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Ақ үй баспасөз хатшысы Джен Псаки мәлімдеді. Оның айтуынша, қос мемлекттің саммитін өткізу үшін Ресей ең алдымен Украина төңірегінен әскерін әкетіп, шиеленісті бәсеңдетуі керек.

Айта кетейік, АҚШ президенті Байден Ресейге жаңа санкциялар жариялау кезінде дағдарысты дипломатиялық жолмен шешуге әлі де кеш емес деп айтқан болатын.