Ұлыбританияда ең ірі птерозаврдың сүйектері табылды

Ұлыбританияда ең ірі птерозаврдың сүйектері табылды

Шотландия жағалауында Юра дәуірінде тіршілік еткен ең ірі птерозаврдың сүйектері табылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, оның қанаттарының құлашы 2 жарым метрге дейін жеткен. Птерозавр қаңқасының 70 проценті сақталған. Юра дәуірінде Шотландия аумағында ауа температурасы да, ылғалдылығы да жоғары болған. Сондықтан ғалымдар сүйектердің былай жақсы сақталуы өте сирек кездесетін жағдай екенін айтады.

Стив Брусатт, палеонтолог:

– Птерозавр Юра дәуірінде, яғни шамамен 170 миллион жыл бұрын тіршілік еткен. Сараптама нәтижелері көрсеткендей, оның қанатының құлашы 2 жарым метрге дейін жеткен. Демек бұл птерозаврдың өлшемдері біз осыған дейін ойлағаннан әлдеқайда үлкен болғанын растайды.