Еуропада украиналық босқындар көбейді

Украинадағы ахуалға байланысты Еуропаға бас сауғалаған босқындар саны артуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

БҰҰ ұйымының мәлімдеуінше осы уақытқа дейін 100 мыңнан астам адам шекарадан өткен. Румыния Сыртқы істер министрлігі бұл елге 11 мыңнан аса украиналықтың келгенін хабарлады. Польшаның ақпарат құралдары да ондаған мың украиналықтың өткенін жазды. Жергілікті билік олар үшін карантиндік тәртіпті алып тастады. Ал шекара маңындағы Пшемысль қаласында жүздеген адам вокзалды паналаған.

– Маған соғыстың басталғаны туралы достарым жазды. Содан заттарымды алып вокзалға келдім. Жолда төбемнен зымырандардың ұшқанын көрдім.

– Бұл жерге ертерек келу керек еді. Бірақ тек бүгін таңғы сағат 5 кезінде шығуға мүмкіндік туды.