В.Зеленский: Франция Ресейді SWIFT жүйесінен ажыратуды қолдайды

Франция президенті Эммануэль Макрон Ресейді халықаралық «Свифт» жүйесінен ажырату бастамасын қолдап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Украина президенті Владимир Зеленский жуырда осылай деді. Оның айтуынша, екі ел басшылары телефон арқылы сөйлесу кезінде ресми Париж аталған шараны қолдайтынын жеткізген.

Айта кетейік, қазір бірқатар мемлекет Мәскеуді төлем жүйесінен ажырату жағын қызу талқылап жатыр. Оның ішінде Канада, Америка мен Ұлыбритания елдері бар. Өз кезегінде, қазір Ресейде экономикалық санкцияларға қатысты түрлі пікір айтылып жатыр.

Александр Лосев, сарапшы:

– Ресейлік банктер несие беру арқылы пайда табады. Сондықтан аталған шараның залалы айтарлық үлкен болмайды. Меніңше, банктердің қаржылай көрсеткіші соншалықты нашарлаған жоқ.

– Санкциялар қарапайым азаматтарға кесірін тигізеді. Ресейдегі жағдай өте күрделі болады. Артта қалып қоямыз.