Украинадағы ахуал: Киев метросы жұмысын тоқтатты

Украинадағы жағдайға байланысты Киевтегі метро жұмысын тоқтатты. Енді ол тұрғындарға қауіпсіз пана ретінде қолданылады. Бұл туралы бүгін шаһар басшысы Виталий Кличко мәлімдеді.

Қала әкімшілігі таратқан ақпаратқа сәйкес, жер үсті станцияларынан басқасының бәрі азаматтардың қауіпсіздігі үшін пайдаланылады. Киев мэрі елдегі ахуалға байланысты тұрғындарды көшеге шықпауға шақырып жатыр.