Украина мен Ресей делегацияларының келіссөзі жалғасуда

Беларусьте басталған Украина мен Ресей делегацияларының арасындағы келіссөз аяқталған жоқ.

Украина президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк твиттердегі парақшасында бірер минуттан кейін 3-раунд басталуы керек деп хабарлады.

Әзірге бір үстел басында жиналғандар қандай тоқтамға келетіні белгісіз. Бұған дейін Украина тарапы аймақтағы атыс-шабысты тоқтатып, Қырым мен Донбасстан Ресей әскерін шығаруды талап еткен. Ал Ресейдің ақпарат құралдары Мәскеу Украинаға қарусыздандыру және нацизмнен бас тарту керек деген шарт қойған. Келіссөздер Украина мен Беларусь шекарасындағы Припять өзенінің маңында ұйымдастырылды. Ресей делегациясын Путиннің көмекшісі Владимир Мединский, ал Украина делегациясын қорғаныс министрі Алексей Резников пен сыртқы істер министрлігінің басшысы Николай Точицкий бастады.