Астанада 130 млн теңгеден астам ақша жымқырған мектеп есепшілері сотталды
Астанада 130 миллион теңгеден астам қаржы жымқырған мектеп есепшілері сотталды.
Олар жұмыс істемейтін қызметкерлердің атына 7 жылдан бері заңсыз жалақы мен сыйақы аударып келген. Тергеу барысында есепшілер өз кінәсін толық мойындап, 7 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Сондай-ақ мемлекетке келтірілген жалпы шығын сотталғандардан толық өндірілді.