Киевте телемұнараны зымыранмен атқылады

Киевте телемұнараны зымыранмен атқылады.

Тиісті ақпаратты қала мэрі Виталий Кличко телеграм-каналында растады. Оның айтуынша, нысанға қарай екі зымыран ұшырылған. Салдарынан хабар тартауға қатысты қиындықтар туындаған. Телемұнара қызметкерлері арасында жапа шеккендер жоқ. Бірақ жергілікті Униан агенттігі нысан жанында болған бейбіт тұрғындардың көз жұмғанын хабарлайды.

Бұған дейін Ресейдің Қорғаныс министрлігі әскерилер Украинаның қауіпсіздік қызметі мен Мәскеуге қарсы ақпараттық шабуыл жүргізетін нысандарға соққы беретінін мәлімдеген еді.