Ресейде шетелге доллар алып шығуға шектеу қойылды

Ресей президенті Владимир Путин азаматтардың өзімен бірге шетелге алып шыға алатын АҚШ валютасының көлеміне шектеу енгізді.

Жаңа тәртіпке сәйкес, ресейліктер өзге елдерге тек 10 мың доллар ғана алып шыға алады. Кремль жарлықты "АҚШ пен оны қолдаушы елдердің жауласу және халықаралық құқыққа қарсы әрекеттеріне байланысты" қабылдағанын айтады. Және құжат Ресейдің ұлттық мүдделерін қорғап, қаржылай тұрақтылығын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған дейді.