Харьковте ұлттық полиция ғимараты атқыланды

Украинаның Харьков қаласындағы Ұлттық полиция ғимараты зымыранмен атқыланып, өртке оранды.

Бұл туралы жергілкті ақпарат құралдары хабарлады. 

Мәліметке қарағанда ірі ғимараттық кешенде Украина қауіпсіздік қызметінің бөлімі де орналасқан. Жалын көрші Каразин атындағы Ұлттық университеттің әлеуметтік факультетіне түсіп, ол да өртке оранған. Қаза тапқандар мен жапа шеккендер туралы ақпар жоқ.

Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, шаһарға жасалған шабуылдың бәріне тойтарыс берілген. Украина күштері ресей әскерінің 40 әскери техникасын талқандаған. Қазірге дейін 21 украиналық сарбаз көз жұмып, 100-ден аса адам жараланған. Қаладан бас сауғалап қашқан тұрғындар көбейген.