Германия украиналық босқындарға пана береді

Германия билігі Украинадан келген босқындарға елге кіру тәртібін жеңілдетеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ішкі істер министрі Нэнси Фрезердің айтуынша, бұдан былай Украина азаматтарына ұзақ уақыт алатын рәсімдерден өтудің қажеті жоқ. Оларға қандай да бір бюрократиялық кідіріссіз шұғыл түрде жұмыс табуына және медициналық сақтандыру алу бойынша көмек көрсетіледі.

Айта кетейік, соңғы бірнеше күнде Украинадан Германияға 2 мыңнан астам босқын барған.