Пәкістанда мешітте жарылыс болып, 30 адам қаза тапты

Пәкістанда мешітте жарылыс болып, 30 адам қаза тапты
Sputnik Казахстан

Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясының әкімшілік орталығы Пешавар қаласында мешітте жарылыс болып, кемінде 30 адам қаза тапты.

Сондай-ақ 50-ден астамы жараланған.

Бұл туралы «Хабар 24» ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Қарулы екі жанкешті мешітке жұма намазына бармақ болған. Олар ғимараттың кіреберісін күзетіп тұрған полицейлерге оқ жаудырған. Экстремистердің бірі мешітке басып кіріп, бекітілген жарылғыш затты іске қосып үлгерген.