БҰҰ: 1,2 млн украиналық босып кетті

Украинада қарулы қақтығыс басталғалы елден 1 миллион 200 мың адам шетелге босып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі басқармасы осындай дерек келтірді. Сорақысы сол, олардың жартысына жуығы – кәмелетке толмағандар. Украиналықтар негізінен көршілес Венгрия, Молдова мен Польшаға кетіп жатыр. Сарапшылардың сөзінше, жақын күндері Украинадан еріксіз қоныс аударғандар саны 4 миллионға жетуі мүмкін.