Францияда президент лауазымына 12 кандидат таласады

Францияда президент лауазымына 12 кандидат таласады

Бүгін Францияда ресми түрде президенттік сайлау науқаны басталды.

Конституциялық Кеңес 12 үміткердің тізімін жариялады. Арасында қазіргі мемлекет басшысы Эммануэль Макрон мен оның негізгі бақталасы, оңшыл көзқарастағы Ұлттық бірлестік партиясының жетекшісі Марин Ле Пен, Париж мэрі – социалист Анн Идаль-го, публицист Эрик Зем-мур бар. Тіркелу үшін әрқайсысы халық сайлаған 500 лауазымды тұлғаның қол-таңбасын жинауы тиісті еді. Кейбір үміткерлер үшін бұл қиынға соқты. Әлеуметтік сауалнамалар бойынша, сайлаудың екінші кезеңіне бес жыл бұрынғыдай Эммануэль Макрон мен Марин Ле Пен шығатын түрі бар. Әзір халықтың көпшілігі қазіргі президентті қолдап отыр.

Лоран Фабиус, Франция конституциялық кеңесінің президенті:

– Бүгін таңертең заңға сәйкес Конституциялық Кеңес республика президенті сайлауына қатысатын үміткерлер тізімін бекітті. 26-қаңтардан бастап біз кандидаттарды қолдаған лауазымды тұлғалардың қолтаңбаларын қабылдадық.