Оңтүстік Корея елдің 20-сыншы президентін сайлайды

Оңтүстік Корея бүгін елдің 20-сыншы президентін сайлайды. Президент болуға 10-нан астам адам үмітті. Дегенмен өзгесіне қарағанда екеудің бәсі басым түсіп тұр.

Халық көп, бірақ бұрынғы президент сайлауымен салыстырғанда сайлаушылардың белсенділігі төмен. Учаскелер таңғы сағат 6-да ашылды. 9-00-ге келіп түскене мәліметтерге сүйенсек сайлаушылардың 8 пайыздан астамы дауыс берді.

Дауыс беру қиын эпидахуалында өтіп жатыр. Бүгін індет жұқтырғандар саны рекордтық деңгейге жетті. COVID 300 мыңнан астам адамнан анықталды. Мысалы, осы сайлау орны денсауылық сақтау басқармасында орналасқан. Мұнда адамдардың дауыс беріп тест тапсыра алады.

Мерзімінен бұрын дауыс беру 4 және 5 наурызда өткенін атап өткіміз келеді. 16 миллионнан астам адам немесе сайлаушылардың 37 пайызға жуығы өз құқығын пайдаланды. Олардың ішінде індет жұқтырғандар да бар. Науқастар үшін арнайы учаскі ашылды.

Президентікке негізгі төрт үміткер болды. Бірақ алда екі саясаткер тұр: олар - бұрынғы бас прокурор Юн Сок Ёль және Кёнги провинциясының бұрынғы губернаторы Ли Чжэ Мён. Сауалнамалар олардың рейтингі шамамен 40% болғанын көрсетті. Бірақ үшінші орын алған бизнесмен Ан Чоль Су Юн Сок Ёлдың пайдасына өз кандидатурасын алып тастағаннан кейін бұрыңғы прокурордың жеңіске жететініне көпшілік еш күмәнданбайды. Дегенмен, кез келген үміткер жеңіске жетсе, Оңтүстік Корея билігінің саясаты көп өзгермейді, дейді саясаттанушылар.

Андрей Ланьков, кореятанушы:

– Менің ойымша, Сайлау науқанымен бірге болған барлық шуға қарамастан, саясат көп өзгермейді. Өйткені, қазіргі жағдайда Оңтүстік Кореяның таңдауы көп емес. Елдің АҚШ-қа баса назар аударатыны анық. Бұл ретте, мүмкіндігінше, Қытаймен араздаспауға тырысады.

 Тағы бір айтарым, сарапшылар екі негізгі кандидаттың сайлау науқанын компроматтар соғысы деп атайды. Тараптар бір-бірінің отбасылық құпиялармен айналасты. Экс-губернатордың рейтингіне халықаралық жағдай да әсер етті. Атап айтқанда, ол Украина президентінің саясатын сынады. Оған жауап ретінде сайлаушылардың бір бөлігі одан бас тартты. Қазіргі президент Мун Чжэ Ин Еуразия елдеріне қатысты солтүстік саясатын қалыптастырды. Ал бұрынғы мемлекет басшысы Пак Кын Хэнің еуразиялық бастамасы болды. Жаңа Президент ТМД елдерімен атап айтқанда, Қазақстанмен қарым-қатынас қалай дамиды?. Бұл жөнінде сарапшы пікірін тыңдап көрейік.

Андрей Ланьков, кореятанушы:

– Сеул қандай қадамға бармасын, ең алдымен, Вашингтон осы мәселеге қатысты не дейді деп алаңдайды. Ал Юн Сок Елге келсек, ол жақта бұған аса мән бермейді. Оның үстіне қазір Ресей-Украина арасы шиеленісіп тұр. Сәйкесінше бұл арада Қазақстанның да ұстанымына көңіл бөлінеді.

Сайлау учаскелері кешкі сағат 6-да жабылады. Оңтүстіккореялықтардың пікірін біліп олар қалай дауыс бергені туралы, кешкі хабарда хабарлаймын.