Ресейдің Орталық банкі шетелдік валютаны алуға шектеу енгізді

Ресейдің Орталық банкі шетелдік валютаны алуға шектеу енгізді

Ресейде бүгіннен бастап қолма қол берілетін шетелдік валютаның көлемі шектеледі.

Елдің Орталық банкінің шешімі осындай. Жаңа тәртіпке сай ресейліктер өздерінің банктегі есеп-шоттары мен депозитінен 10 мың доллар ғана ала алды. Қалған ақшаны рубльмен немесе осы күнгі курспен онлайн айырбастауына болады. Ал банктер  шетелдік валюта сатпайды. Азаматтар жаңа шетелдік валютамен есеп шоттар ашқанымен, ақшаны тек ұлттық валютада ғана алады. Бұл іс-шара осы жылдың 9-шы қыркүйегіне дейін қолданылады.