Украинада медициналық мекемелерге 18 рет шабуылдаған – ДДСҰ

Украинада әскери қақтығыс басталғалы осы елдегі медициналық мекемелерге, қызметкерлер мен жедел жәрдем көліктеріне 18 рет шабуыл жасалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы мәлімдеді. Оның айтуынша, аталған ұйым Украинаға барынша көмек көрсетуге тырысып жатыр. Атап айтқанда, осы уақытқа дейін 81 тонна медициналық керек-жарақ жөнелткен. Сондай-ақ ұйым мамандары украиналық босқындарға психологиялық көмек көрсету үшін көрші елдерге аттанған.