Түрікменстанда сайлаушылардың 71% астамы дауыс берді

Түрікменстанда сайлаушылардың 71% астамы дауыс берді

Түрікменстанда мерзімінен бұрын президенттік сайлау өтіп жатыр.

Орталық сайлау комиссиясы келтірген мәліметке сәйкес, осы уақытқа дейін сайлаушылардың 71 процентінен астамы өз таңдауын жасап үлгерген. Шетелдегі электораттың басым бөлігі дауыс берген. Жоғары мемлекеттік лауазымға үш партия атынан 9 кандидат таласып жатыр. Додада жеңіске жету үшін үміткер сайлаушылар дауысының тең жартысына ие болуы керек. Жаңа Президентті ұлықтау рәсімі наурыздың 19-ына жоспарланған. Түрікменстанда президент 7 жыл мерзімге сайланады.