Түрікменстанда президент сайлауы аяқталды

Түрікменстанда президент сайлауы аяқталды

Елде президент сайлауы мерзімінен бұрын өткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сайлау және референдумдар жөніндегі орталық комиссиясының мәлімдеуінше, азаматтардың 97 проценттен астамы дауыс берген. Бұл көрсеткіш шетелдегі учаскелерде 91 процентке жуықтайды. Сарапшылардың көбі қазіргі президенттің ұлы 40 жастағы Сердар Бердімұхамедов айқын басымдықпен жеңіске жетеді деп болжайды. Саяси додаға одан басқа 8 үміткер қатысқан. Сердар Бердімұхамедов өткен жылдың 11-13 ақпанында вице-премьер, Жоғары бақылау палатасының төрағасы болып тағайындалып, Түрікменстанның Мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің құрамына енгізілген еді. Жаңа мемлекет басшысын  ұлықтау рәсімі 19 наурызға белгіленген. Гурбануглы Бердімұхамедов өткен айда жас басшыларға жол беруге дайын екенін айтып, Парламенттің жоғарғы палатасының төрағасы қызметін атқаруға ниетті екенін мәлімдеген еді. Бұл елде президент 7 жыл мерзімге сайланады.