Украина тұрғындардың кетуіне кедергі келтіруде – Ресей

Ресей билігі «Украина үкіметі елден кеткісі келетін бейбіт тұрғындардың гуманитарлық дәліз арқылы өтуіне кедергі жасап отыр» деп айыптады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Ресейдің Ұлттық қорғанысты басқару орталығының басшысы Михаил Мизинцев мәлімдеді. Оның айтуынша, 2 миллион 600 мыңнан астам адам Ресейге көшкісі келеді.

Михиаил Мизинцев, РФ ұлттық қорғанысты басқару орталығының басшысы:

– Ең ауыр гуманитарлық жағдай Мариупольде қалыптасып отыр. Жүз мыңдаған адамды ұлтшылдар күшпен ұстап отыр. Арасында шетелдіктер де бар. Киев Ресей аумағына кеткісі келетін бейбіт тұрғындар мен шетелдік азаматтар жоқ деп жалған мәлімдеме жасаудан жалығар емес.