Ресейде Instagram желісі бұғатталды

Ресейде «Инстаграм» бұғатталды. Ақпаратқа бақылау жасайтын мемлекеттік мекеме аталған әлеуметтік желінің ел аумағында таралуына шектеу қойды.

Мұндай шешімді қабылдауға «Инстаграм» басшылығының ресейліктерге қатысты зорлық-зомбылық көріністеріне рұқсат беруі себеп болған. Кремль "Мета" америкалық корпорациясын экстремистік ұйым деп таныды. Естеріңізге сала кетейік, 4 наурызда Ресей билігі Facebook парақшасын бұғаттаған болатын.

БЛИЦ

- Бізде талантты адамдар жетіп артылады ғой. Солар біраз уақыттан кейін балама желілер жасайды деп ойлаймын. Оның үстіне бәрін айналып өтетін VPN бар емес пе?! Енді әрі қарай не күтуге болатынын білмеймін. Бұдан бірінші кезекте табыс тауып келген блогерлер қатты зардап шегеді. Қатардағы адамдардың еш кінәсі жоқ, негізі қарапайым жұрт бұлай қиналмауы керек еді.

- Мен Инстаграм, Ютюб, Фейсбук, уотсапты белсенді қолданатын едім. Сондай-ақ түрлі ұялы қосымшалардың көмегімен музыкалық туындылар жасайтын едім. Енді олармен қош айтыстым.