Херсон қаласында халық көтерілді

Ресей әскері басып алған Украинаның оңтүстігіндегі қалаларда наразылық акциялары жалғасып жатыр. Кеше Херсон шаһарында ірі шеру өтті.

Тұрғындар қала көшелерімен жүріп, ресейлік әскерилерге «үйлеріңе қайтыңдар» деп ұрандатты.

Херсон жергілікті кеңесі төрағасының мәлімдеуінше, Ресей қалада тәуелсіздік туралы рефрендум өткізіп, өзін өзі жариялаған Донецк пен Луганск халық республикалары сияқты жеке аумақ құрмақ. Запорожье облысындағы Бердянск және Мелитополь қаласында да күн сайын наразылық шерулері өтіп жатыр. Жақында Ресей әскерилері Мелитополь қаласының мэрін күштеп алып кеткен.