Австралия Ресейге қарсы сотқа шағымданды

РИА Новости

Австралия сыртқы істер министрі Марис Пейн атып түсірілген малайзиялық ұшақ үшін сотқа шағымданғанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оларға Нидерланд та қосылған. 2014 жылы Донбасста апатқа ұшыраған ұшақтың 298 жолаушысы түгел опат болған еді. Арасында Австралияның 38 азаматы бар. Халықаралық тергеу мәліметінше, жолаушы ұшағын Ресей әскери базасының зымыранымен атқан.