Қытай СІМ: Ресей әскери көмек сұраған жоқ

Қытай СІМ: Ресей әскери көмек сұраған жоқ

Қытай сыртқы істер министрлігі Ресей әскери көмек сұрады деген ақпарат жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осындай мәлімдемені жексенбіде АҚШ ресми тұлғаларына сілтеме жасаған Файненшл Таймс және Вашингтон Пост газеттері жариялаған болатын. Санкциялардың зиянын азайту үшін Кремль Бейжіңнен экономикалық жәрдем де сұраған көрінеді. Сарапшылардың пікірінше, егер Бейжің Мәскеуге салған санкцияларды жеңілдетуге жәрдемдессе, бұл әрекет Қытай үшін ауыр салдар әкелуі мүмкін.