В.Зеленский: Бәрін қалпына келтіреміз

Украина Президенті Владимир Зеленский халқына кезекті үндеу жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол елдің әр тұрғынына қираған үйлері мен пәтерлерін қалпына келітруге уәде берді. Президенттің айтуынша, қазірдің өзінде бұл мақсатта арнайы қор құрылып жатыр.

Владимир Зеленский  Украина президенті:

– Бәрін қалпына келтіреміз. Әр қаланың әр көшесін, әрбір азаматымыздың үйі мен пәтерін. Соғыстан кейін мұны тез жасайтынымызға сенімдімін. Бар күшіміз бен әлемнен келетін көмекті жұмсаймыз. Бірақ қазір басқыншылар жерімізде жүргенде, қолымыздан келгенше оларды қуумыз керек.Қалаларымыз бен ауылдарымыз, жеріміздің әр метрін қорғауға тиіспіз.