Ұлыбританияда Bafta сыйлығының жеңімпаздары марапатталды 

Ұлыбританияда Bafta сыйлығының жеңімпаздары марапатталды 
Gamingsym

Кино және телевизия өнері академиясы сыйлығының жеңімпаздары жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Ең үздік фильм» номинациясы бойынша жүлдені жаңазеландиялық режиссер Джейн Кэмпион иеленді. Картина осымен бірге «Ең үздік режиссерлік жұмыс» сыйлығымен де марапатталды. Ал «Ең үздік актер» жүлдесі «Король Ричард» фильміндегі басты рөлді сомдаған Уилл Смитке берілді. «Ең үздік актриса» деп «Махаббаттан кейін» фильмінде басты кейіпкерді бейнелеген британиялық Джонна Скэнлэн танылды.