ЕО Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізеді

pravda.com.ua

Еуропалық одақ Ресейге сән-салтанат тауарларын жіберуді шектейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ кәрі құрлыққа Ресейден темір мен болат импорттауға тыйым салынбақ. Бұдан басқа, Кремль аса қолайлы жағдай жасалған елдер тізімінен алынды. Яғни бұл Еуроодақ Ресей тауарларына жоғары тариф белгілей алады деген сөз. Осының алдында миллиардер Роман Абрамович пен Ресейдің тағы 14 азаматының активтері бұғатталған болатын. Сонымен қатар Ресейдің энергетика саласына инвестиция салуға және криптовалютамен саудаласуға шектеу қойылды.