Индонезияда велосипедтер бамбуктан жасалып жатыр

Индонезияда велосипедтер бамбуктан жасалып жатыр

Индонезияда экологиялық велосипедтер өндірісі қолға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар бамбуктан жасалынады. Өнертапқыштардың айтуынша, көліктің мұндай түрі ұзаққа шыдас береді. Оның құны 350 доллар шамасында.

Айта кеткен жөн, бұған дейін өндірісі қоршаған ортаға зиянын аз тигізетін велосипедтер Қытай мен Данияда да жасап шығарылған.