Грекияда жанармай бағасының өсуіне наразы шаруалар көшеге шықты

Грекияда жанармай бағасының өсуіне наразы шаруалар көшеге шықты

Ел астанасына жүздеген адам жиналып, өз талаптарын жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жанармайдың қымбаттауына байланысты көптеген шаруа қожалығы шығынға белшеден батты. Оған қоса тыңайтқыштардың да бағасы өсті. Осыған байланысты наразы топ биліктен салықты төмендетіп, субсидия мөлшерін көбейтуді сұрап отыр.

Еске салайық, Грекияға жанармай мен тыңайтқыш негізінен Ресейден импортталады. Қазіргі геосаяси ахуалға байланысты сырттан тасымалданатын тауар қымбаттаған.  

Диаманто Критику, фермер:

- Жағдайымыз нашар. Жанармай бағасының өсуіне байланысты жер өңдеп, егін еге алмай қалдық. Тыңайтқыш қымбаттады. Оны сатып алуға ақшамыз жетпейді. Енді елді азық-түлікпен қамтамасыз етуде қиындықтар пайда болып жатыр.