Коста-Рикада орхидеяның жаңа түрлері табылды

Коста-Рикада орхидеяның жаңа түрлері табылды

Коста-Рика ғалымдары миниатюралық гүлдері бар орхидеялардың жаңа 20 түрін тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар елдегі қорықтар мен қорғалатын аумақтарда өсіп шыққан. Оның үстіне бір түрі Коста-Рика астанасының орталығынан небәрі 16 шақырым жерден табылған. Жаңадан табылған өсімдіктер «Ланкестер» ботаникалық бағының коллекциясын толықтырды. Коста-Рика орхидеялардың сан түрімен танымал екенін атап өткен жөн. Гүлдердің үштен бір бөлігі тек осы елде кездеседі деп есептеледі.

Адам Карреманс, «Ланкестер» ботаникалық бағының директоры:

– Бұл өсімдіктер негізінен елде кездесетін түрлері және екі маңызды аспектісін айта кеткен жөн. Біріншіден, бізде әлі күнге дейін белгісіз өсімдіктерді, әсіресе орхидеяларды табу фактісі Коста-Риканың бай биоәртүрлілігі туралы көп айтылады. Екіншіден, осы эндемикалық өсімдіктерді сақтау біздің елімізге жүктелген.